Президент жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажеттігін тапсырды
Сурет: akorda.kz
Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Digital Bridge форумы болып жатыр. Шара барысында президент бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдағанына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек.
Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ "ойын ережелерін" қалыптастырған жөн. Мемлекет басшысы
Жалпы, жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс, деп қадап айтты президент.
Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін" Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript