Алматының тұрғын үйлеріне жылу кезең кезеңімен беріле бастады
Алматы әкімі Ерболат Досаев санаты бойынша нысандарды кезең-кезеңімен қосу
үшін тиісті қаулыға қол қойды. Әлеуметтік нысандардан кейін алдағы демалыс
күндері тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу кезең-кезеңімен беріледі. Қазір
жылу желілерінің айналымы (құбырларды жылыту) бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылады.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қалалық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері 100% дайын. Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17 шақырым астам жылумен жабдықтау желілері, 120 шақырым электрмен жабдықтау, 43 шақырым сумен жабдықтау, 29 шақырым газбен жабдықтау қайта жаңартылып, жөнделіп жатыр.
Айта кетейік, тұтынушыларды жылумен жабдықтау мына ретпен жүзеге асырылады:
- балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар және т.б.