Түркістан облысында млн теңгеден астам айыппұлы бар такси жүргізушісі анықталды

Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен айыппұл төлемеген Nissan Maxima автокөлігінің жүргізушісін анықтады.
Яғни жедел басқару орталығынан "Қорғау" бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі бойынша хабарлама полиция планшетіне түсті.
Осыдан соң полицейлер көлікті Самара – Шымкент тас жолында тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші жеке тасымалдаумен айналысатыны анықталды, ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен байланысты.
Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, Nissan Maxima автокөлігінің иесі 1 280 000 теңгеден астам сомаға айыппұл төлемеген.
Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript