Жаңалықтар тізбегі
0

Лудомандар неге тығылып емделіп жүр: Еліміздің бас психиатры жауап берді

Лудоман, психикалық бұзылыс, бас психиатр, Қуаныш Алтынбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 20:19 Сурет: pixabay
Бүгіндері жастар арасында кеңінен тараған лудомания дертінен Қазақстанда тегін емделуге болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Қуаныш Алтынбеков мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еліміздің барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында психикалық денсаулық орталықтарында тегін емделуге барлық тұрғынның құқығы бар. Сонымен қатар аудандық, қалалық емханаларда алғашқы  психологиялық медициналық қызмет көрсететін кабинеттер жұмыс істейді", - дейді еліміздің бас психиатры.

Алайда, оның айтуынша, қазақстандықтар бұл дерттен емделуге асықпайды немесе оған құлқы жоқ. Бұған біздегі статистика куә. Мәселен, бүгіндері, аталған орталықта лудомания ауруына (компьютерлік ойындардан, букмекерлерден шықпайтындар) шалдыққан 10 адам ғана динамикалық бақылауға алынған екен. Еліміздің бас психиатры, нақты өмірде бұл цифр әлденеше есе көп екенін баса айтады. 

"Бізде лудоманиядан тегін емделуге болады. Алайда науқастардың көпшілігі ойынқұмарлықты ауру деп мойындамайды, есепке алады деген үреймен сапасы күмәнді жекеменшік клиникалардан ем іздейді. Ресми тіркеудегі 10 адамның да өз еркімен келгеніне күмәнім бар. Сот шешімімен де болуы мүмкін. Бастысы, бұл осындай бұзылыстағы адамдардың мемлекет тарапынан тиесілі емді алуына нақты кедергінің барын көрсетеді. Сондықтан мамандар қазір лудоманиямен емделуге келген науқас жайлы деректерді динамикалық бақылау тізіміне  енгізбей, консультациялық бақылауға  енгізу мәселелерін пысықтап жатыр. Биыл жыл соңына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  бұйрықтарына осы бағыттағы тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз". "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" РМК бас директоры Қуаныш Алтынбеков

Айта кетсек, лудомания – құмар ойындарға потологиялық әуестігі бар адамдардың дерті. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруды ресми түрде мойындаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: