Жаңалықтар тізбегі
0

14 қазанда Алматы және Жетісу облыстарында қар жауады

қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 23:13 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 14 қазанда Алматы және Жетісу облыстарында қар жауатынын және тағы бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі. 

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 14 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: