Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын тағы бір жер сілкінісі болды

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2023 12:52 Сурет: wikimedia
Қазақстандық сейсмологтар 15 қазанда Ауғанстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің мәліметінше, жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 09:36-да болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,2.
  • Магнитудасы - MPV 6,3.
  • Тереңдігі - 10 шақырым.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Оның алдында, 7 қазанда Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: