Қазақстандық сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2023 10:10 Сурет: wikimedia
Тәжікстан аумағында тағы бір жер сілкінісін алматылық сейсмологтар тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі сағат 08:53-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 723 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы MPV 5,1 болды.

  • Тереңдігі - 15 шақырым.
  • МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі сезілмеген. 

23 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 02:07-де жер асты дүмпуі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

21 наурызда да Шымкент және Тараз тұрғындары жердің сілкінгенін сезді. Тұрғындардың көпшілігі үйлерін тастап шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: