Алматылық сейсмологтар Қытайдағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді

2024 жылғы 12 мамырда қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 10:52-де болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 597 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9,8;
- Магнитудасы: 4,4;
- Тереңдігі: 5 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript