Каспий теңізінде тағы да итбалық қырылды
Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, табылған теңіз жануарлары мен балықтардың өлекселері әртүрлі дәрежеде ыдыраған, бұл олардың өлімі әр уақытта болғанын көрсетеді.
Сурет: Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі
Сурет: Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі
"Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы факт туралы жұмыс тобының барлық мүшесіне (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғатты қорғау прокуратурасы) хабар берілді. Итбалық табылған жердегі жұмыс тобын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары басқарып жатыр. Жұмыс тобының қалған мүшелері су, ауа, топырақ сынамаларын алу үшін және мүмкін болса, өлі жануарлар мен балықтардың тіндерінен сынамалар алу үшін барады". Балық шаруашылығы комитеті
Сурет: Балық шаруашылығы комитеті
Сурет: Балық шаруашылығы комитеті
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жойылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің қызметкерлері Каспий теңізінің қазақстандық және ресейлік секторларының акваториясындағы ресейлік ғылыми мекемелермен бірлесіп 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басындағы қысқы кезеңде итбалықтардың шоғырлануы кезеңінде жүргізген санау қорытындысы бойынша есептелген итбалықтардың жалпы саны 259 872 болды (Каспий теңізінің қазақстандық секторында - 240 168, ресейлік секторда - 19 704).