Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.
Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.