Астана тұрғыны бірге тұратын әйелдің алтын бұйымдарын ұрлаған

ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 01:04 Сурет: polisia.kz
Полицияға жас келіншек бөлмесінен 950 мың теңгенің алтын бұйымы жоғалып кеткенін айтып арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушімен бір бөлмеде тұрғаны белгілі болып, көршісі кетіп қалған сәтті пайдаланып, алтын алқа, білезік және үш жұп сырғаны иеленіп алған.

Әйел ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Оның бұрын елордада тіркелген басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: