Астанада тұрғынның алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды

Астана тұрғыны екі алтын жүзігінің ұрланғаны жөнінде полицияға арызданды. Оның айтуынша, үйіне қонаққа келген жақын танысы арызданушының көзден таса болғанын пайдаланып, шкафтың ішінен екі алтын жүзікті ұрлайды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кейін жүзіктерінің жоғалғанын түсінген қала тұрғыны Алматы ауданы полиция басқармасына шағымданады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында 33 жастағы жас әйелдің қылмысқа қатысты екенін анықтады.
Сақшылар бір алтын жүзікті күдіктіден тәркілейді, енді біреуін ол жоқ қылған. Осылайша, жәбірленушіні 350 мың теңгеге жуық шығынға әкелді.
Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript