Семейде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу шарасы өтіп жатыр

Семей, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу шарасы, терроризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 10:19 Сурет: polisia.kz
2023 жылғы 17 қазанда Семейде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаттығу барысында лаңкестікке осал нысандардағы жағдайды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады", – деп хабарлады терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Штабтың мәлімдеуінше, осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары қарастырылған, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысына да шектеу енгізіледі.

Оқу-жаттығуға байланысты штаб Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын осы оқиғаға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: