Талдықорғанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 10:40 Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
4 сәуірде Талдықорғанда «Бекет-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облыстық жедел штабынан хабарлағандай, шараның мақсаты – түрлі лаңкестік қауіптерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

Штабта атап өтілгендей, оқу-жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын.

Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, көлік құралдары мен тұрғындардың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: