Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыға күнделікті қанша көлік кіреді

көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 00:10 Сурет: Zakon.kz
Полиция департаментінің мәліметінше, 10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді. Осылайша, Алматыға 700 мыңнан астам көлік кіреді, бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 миллион адам. Бұл 2023 жылғы 6 қазанда жұма күні "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы көшелерді бақылау негізінде алынған деректер.

Алматыға жұмыс күндері келетін жеке көліктің санын бүкіл елдің автопаркімен салыстыруға болады. Латвияда халық саны - 1,891 миллион адам. Бұл ретте, елде 730 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Былайша айтқанда, облыстан Алматыға үнемі бір Латвияның көлігі "кіреді". Жергілікті деңгейде есептесек, бұл Батыс Қазақстан облысының 5 (134 172 көлік) немесе Астананың 2 автопаркі (326 мыңнан астам көлік тіркелген) деген сөз.

Сырттан кіретін көліктермен қоса, Алматының өзінде 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұған облыстан келетін 400 мыңнан астам көлікті қосқанда, мегаполис көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам машина жүреді. Басқаша айтсақ, бұл қаламыздың әрбір екінші тұрғыны көлік тізгіндегендей жағдай.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: