Биыл Алматыда көлік терезелерін қараңғылаған 10 мыңнан астам азамат анықталды
Фото: Zakon.kz
Алматыда 10 мыңнан астам көліктің терезелерінен қараңғылайтын жапсырмалар шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері көлік терезелерін қараңғылаған 10844 жүргізуші ұсталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 590-бабы 5-тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жол-қателікті кешірмейді" деген аксиома жол жүру ережелерін елемейтін жүргізушілерге тікелей қатысты.
Заң талаптарына бағынбай, жол жүру ережелерінің сақталмауы қайғылы жағдайларға алып келетіні анық.
Осы орайда полиция қызметкерлері үнемі арнайы іс-шаралар мен рейдтік шаралар өткізіп отырады.
"Жол жүру ережелерін өрескел бұзатын және көлік терезелерін қараңғылауға құштар жүргізушілер ерекше назарда. Мұндай жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылады", – деді Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript