Жаңалықтар тізбегі
0

Сирек құбылыс: Ақтөбеде қазан айының ортасында бөртегүл гүлдеді

Ақтөбе, бөртегүл, табиғаттың тосын мінезі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 09:27 Сурет: pixabay
Ақтөбеде қазан айының ортасында бөртегүл гүлдеп жатыр. Табиғаттың сирек кездесетін бұл құбылысын жергілікті тұрғындардың бірі байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, бөртегүлді үй иесі 15 жыл бұрын еккен. Осы уақыт ішінде бқл өсімдік күзде ешқашан гүлдемеген екен. Ал жақында бұталардың бірінде гүл пайда болған.

Әдетте бөртегүл жылына бір рет – мамыр-маусым айларында гүлдейді. Айтпақшы, сирек кездесетін бұл құбылыс бұтаға үймелеген араға да қуаныш сыйлаған.

"Зер салып қарағанымда, бөртегүл бүршіктері гүлдей бастағанын байқадым. Менің ойымша, бұл күн жылы болады, күз жақында келмейді деген жақсы нышан деп ойлаймын", – дейді ақтөбелік Сәуле Тәжина.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: