Мамыр айының соңында Қазақстан халқы көктен сирек кездесетін құбылысты тамашалай алады

Телескоп, мамыр, сирек кездесетін құбылыс, Көк ай, толған ай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 10:21 Сурет: pixabay
Мамыр айының соңында қазақстандықтар сирек кездесетін табиғи құбылысты тамашалай алады: осы айдағы екінші толған Ай - Көк ай көктен көрініс табады. Бұл толған Ай көлемі бойынша 2026 жылдағы ең кішкентайы болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ерекше құбылысты астроном маман қай арадан тамашалауға болатынын айтып берді.

2026 жылдың мамыры толған Аймен басталып, тура осындай құбылыспен аяқталмақ. В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының астрономы Светлана Мошкина бір айда қайталанатын толған Айды неге Көк ай деп атайтынын түсіндірді.

"Көк ай дегеніміз бір айда көрініс тапқан екінші толған Ай. Мұндай жайт өте сирек кездеседі, 2,5-3 жылда бір рет болады", - дейді ғалым.

Сондай-ақ ол келесі осындай құбылысты 2028 жылдың желтоқсанында байқауға болатынын атап өтті.

Толған Ай бірнеше күн бойы тұрады: 30 мамырдан 1 маусымға дейін. Ресми түрде, 2026 жылдың мамыр айының екінші толған айы 31 мамырда болады.

"Астрономиялық тұрғыда айдың толуы 31 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 13:45-ке сай келеді. Оны Қазақстанның барлық аумағынан байқауға болады, ең бастысы, оған ауа райы жағдайлары мүмкіндік берсе болғаны". Светлана Мошкина

31 мамырда толған Айдың шекті жарығы Ай орбитасының ең алыс нүктесінде тіркеледі. Сондықтан бұл толған Ай көлемі бойынша шағын ай және биылғы ең кішкентайы болмақ.

"Бұл уақытта көзбен қарағанда Ай шамамен 5-5, 5% кішірек көрінеді және әдеттегі толған Айға қарағанда 10 пайызға күңгірт көрінеді. Бірақ айдың жарықтығындағы мұндай өзгерісті қарапайым адамдар байқамай бермейді". Светлана Мошкина

Сонымен қатар, ғалымдар Жердің табиғи серігін іс жүзінде көк болмаса да Көк ай деп атайды. Бұл жолы Ай Сарышаян шоқжұлдызы маңында, қызыл Антарес жұлдызының жанында болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: