Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 19-21 қазан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты.
Болжам бойынша, елордада алдағы үш күнде күн жауын-шашынды болады, ал еліміздің екі мегаполисінде күн ашық болады және +25°С-қа дейін ысиды.
Астанада:
19 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +9+11°С;
20 қазан – көшпелі бұлтты, түнге қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +12+14°C;
21 қазан – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +6+8°С.
Алматыда:
19 қазан – көшпелі бұлт шығады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С;
20 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +19+21°С;
21 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С.
Шымкентте:
19 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С;
20 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С;
21 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript