Қазақстандықтарды жаңбырлы сенбі күтіп тұр
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік бөлігінде - жаңбыр мен қар жауады, республиканың батысында күндіз қатты жаңбыр жауады.
Болжам бойынша, республиканың оңтүстік-батысында ғана көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстанда синоптиктердің болжауынша, солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.
Астанада – көшпелі бұлт, түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Солтүстік-батыстан оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +6+8°C.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.