Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан мен Нигерия азаматтары анықталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 01:23 Сурет: polisia.kz
Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан мен Нигерия азаматтары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тексеру жүргізді.

"Медеу ауданында шетелдік жұмыс күші заңсыз пайдаланылған құрылыс нысаны анықталды. Атап айтқанда, онда Өзбекстанның 13 азаматы және Нигерияның 2 азаматы жұмыс істеген. Олар өздерінің еңбек қызметін заңсыз жүргізген және жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Аталған шетелдіктер ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Сонымен қатар тергеу барысында Әуезов ауданының полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, 27 жастағы К.есімді азамат таксиде жұмыс істеген: ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс алып, жеке тасымалдаумен айналысқан. Ол өзі жалға алған көлікте түнеп жүрген".Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов

Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сот оны Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ көлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: