Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген 216 шетелдік азамат анықталды
Сурет: polisia.kz
Алматы қалалық полициясы кезекті рейд барысында елімізде заңсыз жүрген 216 шетелдікті анықтап, жауапкершілікке тартты. Олар, негізінен, Өзбекстан және Нигерия азаматтары, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Наурызбай және Түрксіб аудандарында орналасқан жеке құрылыс нысандарын тексерілген. Нәтижесінде заңсыз пайдаланылған шетелдік жұмыс күші анықталды.
"Қалада жүргізілген үш күндік арнайы іс-шара барысында 216 шетелдік анықталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың 141-і - Өзбекстан, 12-сі - Нигерия азаматтары. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 178 шетелдік орналастырылды. Сондай-ақ шақырылған шетелдік қонақтардың елімізден дер кезінде кетуін қамтамасыз етпеген 56 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.
Айта кетсек, Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар ұсталғаны белгілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript