Қызылордада көше бойындағы 38 жарық шамын сындырған бұзақылар ұсталды
Сурет: polisia.kz
Қызылордада көше бойындағы 38 жарық шамын сындырған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 қазан күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” арнасына жергілікті тұрғыннан Сол жағалаудағы және Orda school мектебіндегі жарық бағаналарын белгісіз адамдардың сындырып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.
Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы келіп, бұзақылық жасаған күдіктілерді анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде осы іске қатысы бар екі жасөспірім анықталып, басқармаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript