Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірім қызды ұстады. Бұзақы жастардың әрекеті сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді.
"12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Павлодарда 17 жастағы студент мұғалімге пышақ жұмсағанын, қазіргі уақытта педагог ауруханаға жатқаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript