Жаңалықтар тізбегі
0

Жексенбіде республиканың бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 17:11 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері жексенбі, 22 қазанда 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күннің аяғында облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Ұлытау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: