Павлодарда ұландықтар мас күйінде қару асынған азаматты ұстады

қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2023 11:57 Сурет: pixabay
Павлодарда ұландықтар мас күйінде қару асынған азаматты ұстады. Жеке мәліметтерін тексеру барысында ұсталғандар арасында бұрын істі болғандары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 22:30 шамасында қалалық  жедел бақылау орталығына Қамзин көшесі бойындағы үйлердің бірінде подъезд ішінде бейтаныс біреулер спирттік ішімдік ішіп, тұрғындардың мазасын алғаны туралы шағым түскен. Қала тыныштығын күзету барысында 5512 әскери бөлімінің сақшылары дереу мекенжайға барып, күдіктілдерді тәртіпке шақырады. 

"Алкогольдік ішімдікке масайған азаматтардың құжаттарын тексеру барысында 1987 жылғы  азаматтың асынған қара сөмкесі күдікті көрінген. Ұландықтар бірден полиция қызметкерлері мен куәгерлерді шақырып, сөмкені тексеру кезінде "Байкал" тегіс ұңғылы  қаруы жатқаны белгілі болды", - дейді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Ұсталғандар қаруды не үшін алып жүргенін анықтау үшін Павлодардағы солтүстік полиция бөліміне жіберілген. Олардың жеке мәліметтерін тексеру барысында арасында бұрын істі болғандары бар болып шықты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: