Түркістанда көлігінде есірткі пайдаланған жүргізуші видеоға түсіп қалды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2023 17:02 Сурет: видео скрині
Түркістанда бейнебақылау камерасының көмегімен есірткі қолданған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығының кезекшілері мән-жайды анықтау үшін патрульдік полицияға хабар берді.

Полицейлер оқиға орнында жүргізушіні, Түркістан тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде ер адамнан есірткіге ұқсас зат бар екені анықталды.

Алынған айғақ заттар сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытынды бойынша, бұл "марихуана" болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: