Алматыны тұман басады

Алматыны тұман басады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2023 12:24 Сурет: pixabay
Синоптиктердің болжауынша, Алматыда 23 қазанда түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге тұманды жағдайда аса сақ болу керек екенін еске салды. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсарғанын күткен дұрыс.

Сонымен қатар қауіпсіз жүргізудің негізгі кілті жылдамдықтың айтарлықтай төмендеуі екенін есте ұстаған жөн.

Құтқарушылар туристер мен демалушыларды таудағы барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды.

23 қазан көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Күндіз кейде қатты жауын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +13+15°С.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: