Алматыны қалың тұман басып қалды

Алматыны қалың тұман басып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 10:14 Сурет: Zakon.kz
1 желтоқсан таңертеңнен бастап Алматыны қою тұман басты. Синоптиктердің болжауынша, тұман түстен кейін сейіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алматылықтарға тұман болатынын ескерткен еді.

Сурет: Zakon.kz

Болжам бойынша, 1 желтоқсанда оңтүстік астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және күннің бірінші жартысында тұман түседі деп болжанды. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°, күндіз +5+7°.

Сурет: Zakon.kz

Алматыда ауа райы қандай болады?

2 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°, күндіз +8+10°.

Сурет: Zakon.kz

3 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°, күндіз +12+14°.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: