Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Байбазаров "Бәйтерек" холдингінің басшысы болып тағайындалды

Нұрлан Байбазаров "Бәйтерек" холдингінің басшысы болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 12:16 Сурет: baiterek.gov.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің ұжымына жаңа басшы Нұрлан Байбазаровты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында "Бәйтерек" холдингінің қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру бойынша міндет қойғанын еске салды.

"Нәтижесінде бюрократиялық кедергілер жойылып, өтінімдерді қарау мерзімі қысқарып, бизнес қауымдастығының қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейі артуы қажет. Жаңа басшы алдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс", — деді Премьер-Министр.
Нұрлан Байбазаров , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 12:16

Сурет: baiterek.gov.kz

Сонымен қатар ол "Бәйтерек" бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет деп атап өтті.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр холдинг ұжымына жүктелген барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

Нұрлан Байбазаров , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 12:16

Сурет: baiterek.gov.kz

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген. MBA дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан 2022 жылдың қараша айына дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма Төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасы болды. "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: