Астана, Алматы, Шымкент: Республика күнінде ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыс, солтүстік өңірде көктайғақ болады деп күтіледі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады.
Қазақстан бойынша ортақ сипат - тұман басу, екпінді жел.
Астанада аспан бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2°С...+4°С, күндіз: +9°С...+11°С
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5°С...+7°С, күндіз: +16°С...+18°С.
Шымкентте күн райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +6°С...+8°С, күндіз: +21°С...+23°С