Жаңалықтар тізбегі
0

Американың Льюистон қаласындағы атыс: 22 адам қаза тауып, 60 адам жараланды

Американың Льюистон қаласындағы атыс: 22 адам қаза тауып, 60 адам жараланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 09:13 Сурет: wikipedia
Мэн штатындағы Льюистон қаласында белгісіз біреу алдымен жергілікті барда, сосын боулинг алаңында және Walmart дүкенінде келушілерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN хабарлауынша, 22 адам қаза тауып, 60-қа жуық адам жараланған. Бұған дейін 16 адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Күдікті әлі бостандықта. Полицейлерде оның оқиға орнындағы бейнебақылау камерасынан түскен суреті бар.

Штат полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтып, жақын маңдағы барлық тұрғындарды үйлерінен шықпауды сұрады.

Ер адам жоғары қуатты автомат ұстаған көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, атқыштың аты Роберт Кард.

Кейбір БАҚ күдіктінің ұсталғанын, ФБР тергеуге қосылды деп хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ел Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан 4 шілдеге қараған түні Американың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында түнгі атыс салдарынан бес адам қаза тауып, сегіз адам жараланған. Сонымен қатар, Техас штатының Форт-Уорт қаласында болған атыстан кем дегенде үш адам қаза тауып, сегізі жараланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: