27 қазандағы саудада доллар күрт төмендеді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 16:29 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,80 теңгеге төмендеп, 470,30 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,43 теңгені (-0,64) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 502,14 теңге, рубльді 5,09 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 470,7-473,8 теңгеге, еуро 496-500 теңгеге, ресей рублі 4,87-5,03 теңгеге сатылуда.

Ал 27 қазандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсандағы Brent фьючерстерінің құны 2,05%-ға өсіп, барреліне $89,73 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің желтоқсан айындағы бағасы 2,08%-ға қымбаттап, барреліне 84,94 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: