Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий теңізін зерттейтін институт ашылады

Каспий теңізін зерттейтін институт ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 15:38 Сурет: gov.kz
Жылдан жылға тартылып бара жатқан Каспийді кешенді зерттейтін арнайы институт ашылады. Оның бас кеңсесі Ақтауда орналаспақ.

Салаға жауапты министрлік қаулының жобасы қазір Үкімет қарауында жатқанын айтады.

Ғылыми құрылым қарт теңіздің эко-жүйесін, итбалық пен балықтардың жаппай қырылу себептерін, популяциясын зерделейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар, су алабымен шекаралас мемлекеттердегі өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді.

Айта кеткен жөн, соңғы зерттеу бойынша көк айдынның деңгейі 28 метрге төмендеген. Тіпті тәуелсіз ғалымдар теңіздің Атырау бөлігі құрғай бастағанын айтады.

Соның салдарынан балық миграциясы бұзылып, өнеркәсіптік кемелер қайраңда қалып жатыр. Өңір логистикасының күретамырына айналған жалғыз порттың жұмысы да тұралаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: