Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 14:00 Сурет: Zakon.kz
Қазанның 26 күні сағат шамамен 11:30 кезінде белгісіз біреу 85 жастағы зейнеткердің үйінің есігін қағады. Есіктің құлпын ашқан әйелге бас салып, күш қолданып, бірнеше рет соққы жасайды.

Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың рубль ақшасын (5 мыңдық банкнотта) жымқырып кеткен. Келтірілген залал 3,5 млн теңге.

Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді.

Ұсталған азамат Орал қаласы ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: