Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұз тұрғынының көлігінен 271 келі мөңке балығы тәркіленді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 10:12 Сурет: ҚР ІІМ
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Май ауданы Қарасора көлінің жағасында полицейлер Екібастұз қаласының 40 жастағы тұрғынының ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің салонынан жалпы салмағы 271 келі болатын мөңке балығының 10 қапшығы табылып, тәркіленді. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ, 30 қазанда Май ауданы ауылының шетінде 27 жастағы ауыл тұрғыны аң ұстауға аң аулау ілмектерін орнатқан. Бұл ретте оның рұқсат беру құжаттары болмаған. Жануарлар әлемін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материал толтырылды", – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары бекітілген аңшылық алқаптарында ғана аң аулауға болатындығын еске салады.

Аңшының өзімен бірге: тиісті жылға мемлекеттік баж төленгені туралы белгісі бар аңшы куәлігі, аң аулауға рұқсаты, аңшылық шаруашылығы субъектісінің бағыты, аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: