Медеуде қысқы сырғанау маусымы қашан ашылады
Мұз айдыны әкімшілігінің мәліметінше, Медеуде коньки тебу маусымына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Қазір айдынға мұз құйыла бастады.
"Сіздерге қуанышты жаңалықты жеткізгіміз келеді. "Медеу" мұз айдыны есігін 15 қараша күні айқара ашады", – делінген хабарламада.
Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолымен өту режимі белгіленді. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін кіре алады.
Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктеріне 09.00-ге дейін және 18.00-ден кейін кіруге рұқсат. 13.00-ден 14.00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады. Бұл кезде студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады.