"Бурабай" ұлттық паркінің қызметкерлері "Қызыл кітапқа" енген аққуды құтқарды
Сурет: qr-pib.kz
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бұланды орман шаруашылығының қызметкерлері Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген сұңқылдақ аққуды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Макинка ауданы Біржан сал ауылының Николай Русских пен Әлия Есімова есімді тұрғындары өздері тұратын үйдің маңындағы көлшікте үй құстарымен бірге аққу жүзіп жүргенін көріп қалған. Жақын барып қараса, құстың қанаты жаралы екен.
Олар бұл туралы "Бурабай" ұлттық паркіне хабарлаған.
"Балапан аққу екені көрініп тұр. Сол жақ қанатының қауырсындары түсіп қалған, ұша алмайды. Әлсіреген құс тобынан бөлініп, жылы жаққа кете алмай қалса керек". Орман шебері Арман Апахов
Сөйтіп жүргізушісі Виталий Сурков екеуі сұңқылдақ аққуды "Бурабай даму" кәсіпорнының зоологиялық бағына әкеліп өткізген.
Зоологиялық бақтың ветеринарларының айтуынша, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген құс осы жерде қыстап шығып, көктемге қарай жыл құстары қайтқан кезде табиғат аясына жіберіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript