Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мектеп күзетшісі 12 жастағы қызды зорламақ болған

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 01:04 Сурет: видео скрині
Алматыда 12 жастағы қызды зорламақ болған мектептің күзетшісі қамауға алынды. Баланың ата-анасы 62 жастағы ер адамның сол күні арақ ішіп алып, арам ойын іске асырғысы келгенін айтып отыр. Онысын растайтын бақылау камерасындағы жазба да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күзетшінің әрекеті мектептегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Егде жастағы ер адам қолындағы құжатты қызға табыстап, күтпеген жерден оны құшақтай жөнеледі. Кейін тіпті ернінен де сүйіп алады.

"10-сыныпта оқитын көршіміз менің қызымнан мектеп мұғалімі күзетшіге тастап кеткен құжатты алып кетуін сұрады. Қызым барса, ол кісі қатты мас екен. Өзінің айтуынша, күзетші ернінен сүйген. Осы оқиғадан кейін оның жақындары маған келіп "Әкем 20 жылдан бері маскүнемдіктен емделіп жатыр" деп пара ұсынып, әңгімені жылы жабуын сұрады".Қыздың анасы Юлия Диденко

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде Алматыдағы №160 мектептің тура кіреберісінде болыпты. Мұны естіген өзге оқушылардың ата-аналары да жиналып, шу шығарды. Олардың айтуынша, бұған алкоголь ішетін адамды жұмысқа қабылдаған директор кінәлі.

"Біріншіден, бізде құқық қорғау органдарына сұрағымыз бар. Не үшін кішкентай балаға тиіскені үшін оған әкімшілік жаза қолданды? Небәрі 15 тәулікке ғана қамалған. Екіншіден, мектептің директоры мұның бәрін жылы жапқысы келеді. Бүгін біздің келгенімізді көріп, артқы есіктен қашып кетті. Таңнан бері күтіп отырмыз".Людмила Яловенко

Ал мектеп директоры "Оқиға болған күні жұмыста жоқ едім" дейді. Осы мектепте жарты жыл жұмыс істеп келген күзетшіден бұрын-соңды оғаш қылығын байқамапты. Ал оны жұмысқа қабылдаған жекеменшік компания екен.

"Жекеменшік күзет қызметін биыл 18 наурыздан бастап "Алтын әлем групп" серіктестігі күзет қызметін атқарып жатыр. Біздің тарапымыздан "Алтын әлем групп" серіктестігімен келісімшартты бұзып, шағым түсіріп, хабарлама жібердік. Тәртіптік жаза пән мұғаліміне алынды. Одан кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға берілді және әкімшілік тарапынан сөгіс берілді".№160 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлшат Әминова

Полицейлер ұсақ бұзақылық үшін күдіктінің әзірге 15 тәулікке ғана қамалғанын растады. Алайда қылмыстық іс бойынша шешім шықпағанын айтты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қозғалған бапқа сәйкес, күзетші 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Алматы полиция департаменті аталған дерек бойынша Алатау ауданы полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар аталмыш сезікті әкімшілік кодексінің 434-бабы нормалары бойынша сот шешімімімен әкімшілік қамауға алынды".Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: