Сәтбаев қаласында бойжеткенді зорламақ болған 41 жастағы еркек ұсталды

Сәтбаев қаласында жас қызды зорламақ болған 41 жастағы ер адам ұсталды. Қыздың жан дауысын естіген көршісі шыға келіп, сол кезде күдікті қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, күдіктінің әрекеті подъезде орнатылған бейнекамераға түскен.
21 жастағы қыз түнгі сағат бірден кете жұмысынан қайтып, үйіне кіріп келе жатыпты. Оның артынан ілесе кірген еркек оны сүйреп ала жөнелген. Жерге алып ұрып, арам ойын жасайын деп жатқанда қыздың айғайлаған даусы шыққан. Сонда пәтерлердің бірінен әйел адам шыққан. Осы кезде ер адам подьезден далаға қашқан, бірақ алысқа бармады.
Бет-әлпеті камераға түскен оны полиция бір күн өтпей ұстады.
"Қызға шабуыл жасау фактісі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасында күдіктіні анықтап ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр".Ұлытау облысы ПД криминалды полиция басқармасының бастығы Асқар Дүйсебаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript