Алматыда оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін мектеп асханаларына бейнебақылау камерасы орнатылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева асхананы жалға алушыларға бейнебақылау камерасын орнатуды міндеттеу үшін білім беру ұйымдарының басшыларына тапсырма берілгенін айтты.
"206 мемлекеттік мектептің асханасына камералар орнатылған (қалада барлығы 215 мемлекеттік мектеп бар). Бұл ведомствоаралық комиссияға кез келген уақытта балаларға арналған тағамдардың қалай дайындалатынын көруге мүмкіндік береді", – дейді Білім басқармасының басшысы.
Бүгінде орта білім беру ұйымдарында тамақты 85 жалға алушы қамтамасыз етеді.
Еске салсақ, Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен 2022-23 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылға арналған жалпы бюджет жергілікті бюджет есебінен 20,4 млрд теңге болды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларды қосқанда, бүгінде 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript