Қазақстан халқының басым бөлігі қай дінді ұстанады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтардың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады. Мұндай дерек Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақта келтірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%", – делінген Ұлттық статистика бюросының Telegram арнасында 2023 жылғы 2 қарашада жарияланған хабарламада.
Статистика бойынша, еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеді.
"Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11% қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған", – дейді Ұлттық статистика бюросының мамандары.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің топ бестігін жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript