Желі қолданушылары шапан киген Виктор Орбанды көріп, таңғалып жатыр

Желі қолданушылары шапан киген Виктор Орбанды көріп, таңғалып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 19:50 Сурет: Instagram/orbanviktor
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 1 қарашадан бастап Қазақстанда ресми сапармен жүр. Орбан 2 қараша күні қазақтың ұлттық киімін киген сәтінен фото жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотодан Виктор Орбан шапан киіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қасында тұрғанын байқауға болады. Фото өкілдің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Қыс келе жатыр", - делінген сипаттамада.

Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия премьер-министрімен өткен кездесуінде қазақтар мен венгрлердің тарихи туысқан халықтар екенін баса айтқан еді. Президенттің айтуынша, қазақтар венгрлер мен қыпшақтардың тарихи туыстық байланысын өте жақсы біледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: