Ақтөбеде ер адам манекендегі күртешені киіп, орнына өзінікін қалдырған
Сурет: видео скрині
Дүкен сатушысының айтуынша, Уәлиханов көшесі бойындағы сауда үйінде сатып алушылардың бірі манекеннен 60 мың теңге тұратын қысқы күртешені шешіп алып, орнына ескі күртешесін кигізіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күртешені ұрлау сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы тұрғын ұсталды. Аталған фактіге ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адамның Ақтөбе аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Дүкен қызметкерлері заттың ұрланғанын бірден байқамаған, тек қауіпсіздік камераларын көрген кезде білген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript