Павлодарда асфальтбетонды қазып, жаппай кеткен кәсіпорындар айыппұл төлейді

Павлодар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 01:58 Сурет: pavlodarnews.kz
Павлодарда асфальтбетонды қазып, жаппай кеткен кәсіпорындар айыппұл арқалайды, облыс орталығында осындай бес орын анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 2 қарашада Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына асфальтбетон жабындысын қалпына келтіру шараларын қолданбаған коммуналдық кәсіпорындарға әкімшілік шара қолдану туралы хат жолданды.

Олар Железнодорожная көшесі, 5, Я.Геринг - Якутская көшесі, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 325/3, 270 және Естай көшесі, 39 мекенжайында анықталған, деп жазды pavlodarnews.kz.

Аталған іспен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы танысып жатқанын хабарлады.

"Заңды тұлға 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Ал жеке тұлғаларға 10 АЕК айыппұл салынады", - делінген хабарламада.

Бұл деректер расталса, онда қолданыстағы заңнаманы бұзған адамдарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 309-бабына сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: