Қазақстандықтарға Байқоңырға кіру жеңілдетіледі
Сурет: primeminister.kz
1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кірудің оңайлатылған тәртібі қолданыла бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары және президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай айтты.
"Белгіленген тәртіп бойынша Байқоңырға қонаққа немесе іс-сапарға келетін кез келген адам 10 күн бұрын өтініш беруі керек. Келісімге өзгеріс енгізілді. Ұзақ уақыт зерттеуден кейін шешім қабылданды. Пилоттық режимде 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан азаматтарына өткізу пунктінде рұқсаттамалар беріледі". Қайрат Нұртай
Qyzylordatv.kz сайтының мәлімдеуінше, қалаға бақылау-өткізу бекеті арқылы ғана кіруге болады, онда рұқсат қағазымен қоса барлық құжаттар мұқият тексеріледі.
Байқоңырға кіру үшін кемінде 10 күн бұрын қалаға бару себебін көрсете отырып, өтініш беру керек. Рұқсат қағазы тек төтенше жағдай кезінде ғана кідіріссіз беріледі: мысалы, жақын туысы қайтыс болған жағдайда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript