Ұлытау облысының Орынбай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілді
Халықтың сұранысындағы әлеуметтік нысан демеушілік есебінен салынып отыр.
Бүгінде өмірден озған ауданымыздың тұрғыны, жеке кәсіпкер Қуат Ахметовтің ойға алған игі ісін балалары жүзеге асырып, өз қаражаттарына ауылға жаңа нысан тұрғызды.
Жұмсалған қаражат құны 98 млн.теңгені құрайды.
Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фельдшерлік-акушерлік пункте зарарсыздандыру, ақпараттандыру, егу, фельдшерлік, акушерлік, процедуралық, қарап-тексеру бөлмелері және химизатор кабинеті қарастырылған.
Жаңа нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы және аудан әкімі Қанат Қожықаев арнайы қатысып, демеушілерге ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар ауданға қарасты Байдалы би, Бидайық, Қараағаш ауылдық октугтерінде де фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы аяқталып, жыл сонына дейін қолданысқа берілу жоспарлануда.