Қарағандылық ер адам қайын атасын өлтірмек болған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 22:41 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде екі азаматтың арасында жанжал болып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 

Полиция қызметкерлері оқиғаның 59 жастағы азамат пен оның 52 жастағы күйеу баласының арасында болғанын анықтады.

Қайын атасы күйеу баласына босқа жүре бермей, жұмыс тауып, істеу қажеттігін айтқан. Осы орайда күйеу бала ашуланып, екеуінің арасында жанжал шыққан.

Арада пайда болған келіспеушілік салдарынан 59 жастағы азамат пышақ жарақатын алса, күйеу баласы оқиға орнынан ізін жасырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-99 бабымен ("Адам өлтіруге оқталу") қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: