Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті
Сурет: instagram.com/tipavlo.dar
Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті. Оқиға орында қажетті белгілер мен қоршаулар болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алтын сапа" ЖШС мердігерлік ұйымы Малайсары батыр көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аумақта Сұрағанов көшесінің бойында ұзындығы 1 300 метр су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыс 2023 жылдың 21 шілдесінде басталып, 21 қарашада аяқталады деп жоспарланған.
"Жұмыс орнында барлық қажетті белгілер мен қоршаулар орнатылған. Мердігер осы жағдайға қатысты болған оқиғаны тергеуге белсенді қатысып жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Тұрғын үй инспекциясы басқармасы бұл мәселені қадағалап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript