Ақмола облысында жоғалған студент қыз Астанадан табылды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 17:13 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін Астанадан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері қызды облыс орталығымен қоса Астанадан да іздеген.

"Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туыстарына тапсырды.Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

Сонымен бірге осыдан он күн бұрын, 24 қазанда үйінен кетіп қалған, Қосшыдағы мектептердің бірінде оқитын 14 жастағы бала да Астанадан табылды.

Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.

Ата-анасы 9 күн өткен соң барып полициядан көмек сұраған.

Полицейлер ата-аналарға балаларына бақылауды күшейтуді және жоғалған кезде дереу полицияға хабар беруді ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: